Назар аударыңыз – балалар!

Назар аударыңыз – балалар!

                                                                                            Назар аударыңыз – балалар!

Жаңа оқу жылы қарсаңында Шығыс Қазақстан облысы аумағында «Назар аударыңыз – балалар!» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Полиция барлық күш-жігерін балалардың жол-көлік жарақаттарының алдын алуға және оқушылардың жолда қауіпсіз жүріп-тұру дағдыларын қалыптастыруға бағытталады.

Осы уақыт аралығында әкімшілік полиция қызметкерлері жол және коммуналдық қызмет өкілдерімен бірлесіп, мектептер мен балабақшалардың маңындағы көше-жол желісінің жағдайын, сондай-ақ жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдарын тексереді. Тексеру қорытындысы бойынша жергілікті атқарушы органдарға жаяу жүргінші балалардың қозғалысы үшін қауіпсіз жағдайлар жасау жөнінде ұсыныстар енгізіледі, сондай-ақ анықталған заңбұзушылықтар бойынша нұсқамалар беріледі.

ШҚО Полиция департаменті жүргізушілерге жолда балаларға барынша мұқият болуды өтінеді.

Құрметті жүргізушілер, есте сақтаңыздар: жол қозғалысының ең кішкентай әрі болжамсыз қатысушылары - балалар. Аула аумақтарында, мектептер мен мектепке дейінгі мекемелердің жанында аса сақ болыңыздар.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі