1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік жаза түрі – қоғамдық жұмыстар енгізіледі

1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік жаза түрі – қоғамдық жұмыстар енгізіледі
                                                                                          1 қыркүйектен бастап Қазақстанда жаңа әкімшілік жаза түрі – қоғамдық жұмыстар енгізіледі
 
Қазақстан Республикасында әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін мәжбүрлі еңбекті қолдану жөніндегі конституциялық норманы іске асыру аясында 2025 жылдың 1 қыркүйегінен бастап жаңа жауапкершілік шарасы – қоғамдық жұмыстар енгізіледі.
 
Енді бұл жаза Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 9 бабына сәйкес қолданылуы мүмкін, олардың ішінде:
•Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер (73-бап);
•Ұсақ бұзақылық (434-бап);
•Қоғамдық орындарды ластау (434-2-бап);
•Арнаулы қызметтерді көрінеу жалған шақыру (438-бап, 2-бөлік);
•Алкогольдік ішімдіктерді ішу немесе қоғамдық орындарға масаң күйде келу (440-бап, 3-бөлік);
•Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын адамның заңды талабына бағынбау (443-бап, 2-бөлік);
•Қоғамдық орындарда тиісу (449-бап, 2-бөлік);
•Арнайы жарық және дыбыс сигналдары iске қосылған жедел және арнайы қызметтер көлiк құралының жүруiне басымдық бермеу (598-бап, 2-бөлік);
•Жаяу жүргiншiлердiң және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы (615-бап, 4-бөлік).
 
Жазаның орындалуын жергілікті атқарушы органдар бақылайтын болады. Ал тағайындалған жұмыстардан жалтару ӘҚБтК-нің 669-бабы бойынша жауапкершілікке әкеп соғады.
 
Қоғамдық жұмыстарды қолдану құқық бұзушылық деңгейін төмендетуге, тәртіптілікті арттыруға, сондай-ақ қоғамдық тәртіп пен экологияға жауапкершілікпен қарауды қалыптастыруға бағытталған.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі