ШҚО-да «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы өтуде: полиция қару айналымын бақылауды күшейтті
26–28 тамыз аралығында Шығыс Қазақстан облысы аумағында республикалық «Құқықтық тәртіп» жедел профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Оның басты мақсаты – қоғамдық қауіпсіздікті нығайту, құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу.
Іс-шара барысында қару айналымын бақылауға айрықша назар аударылды. Әкімшілік полиция басқармасы қызметкерлері атыс қаруы мен оқ-дәрілерін сатумен айналысатын заңды тұлғаларды тексерді. Сонымен қатар тіркелген қару иелеріне де, соның ішінде қыстақтар мен қоныстарда тұратын азаматтарға да тексерулер жүргізілуде.
Полицейлер заңсыз айналымдағы қару мен оқ-дәрілерді анықтау және тәркілеу, олардың келу арналары мен жолдарын кесу, ұрланған қаруды іздестіру, сондай-ақ қаруды сақтау мен пайдалану ережелерін бұзған азаматтарды жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдап жатыр.
ШҚО Полиция департаменті әрбір қару иесі оны сақтау, алып жүру және пайдалану ережелерін қатаң сақтауға міндетті екенін еске салады. Бұл – заң талабы ғана емес, ең алдымен айналадағы адамдардың қауіпсіздігі мәселесі.
Сонымен қатар, заңсыз сақталған қару-жарақты, оқ-дәрілерді немесе жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған азаматтар Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабына сәйкес қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылады.
Тәртіп сақшылары өңірдегі құқықтық тәртіп пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету кезінде азаматтарды саналы болуға және қолдау көрсетуге шақырады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі