Өскеменде полицейлер 6 миллион теңгеден астам қарызы бар борышкерді анықтады
Өскемен қалалық Полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне жеке сот орындаушысынан өз міндеттерін орындаудан жалтарып жүрген азаматты іздеу туралы қаулы келіп түскен.
Белгілі болғандай, 2024 жылдың наурыз айынан бастап 35 жастағы қала тұрғыны басқа бір тұрғынға 6 миллион теңгеден асатын қарызын өтемеген болып шықты.
Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері қарызын төлемеген азаматтың тұрғылықты жерін анықтады. Жақын күндері қарызды өндіру мәселесі сот орындаушыларының құзыретінде болады.
Биылғы жылдың басынан бері Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті іздеуде жүрген 30-дан астам борышкерді анықтаған.
ШҚО ПД Көші-қон қызметі ескертеді: атқарушылық құжаттарды орындаудан жалтарғаны үшін Қазақстан Республикасы заңнамасында әкімшілік жауапкершілік көзделген.
ШҚО ПД баспасөз қызметі