
ШҚО-да жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтарға көмек көрсету жұмыстары жалғасуда
Миграциялық қызмет қызметкерлері жеке куәлігі жоқ азаматтарды құжаттандыру бойынша тұрақты түрде іс-шаралар жүргізуде. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, 16 жасқа толған әрбір азамат — тұрғылықты жеріне қарамастан — жеке куәлігі болуы тиіс екенін еске саламыз.
Егер сіз немесе жақындарыңыз жеке куәлікті алғаш рет алу барысында қиындықтарға тап болсаңыз, тұрғылықты жеріңіздегі миграциялық қызмет бөліміне жүгініңіз немесе мына телефон нөміріне қоңырау шалыңыз: 8 (7232) 234-246.
Құжат алуды кешіктірмеңіз — оны қажетті мамандардың көмегімен алуға болады!
ШҚО ПД баспасөз қызметі