ШҚО ПД-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті

ШҚО ПД-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті

                                                                                             ШҚО ПД-да Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған тағылымды іс-шара өтті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің музейінде қазақтың ұлы ақыны, ойшылы және қоғам қайраткері Абай Құнанбайұлының 180 жылдық мерейтойына арналған мәдени іс-шара өтті.

Қатысушыларға ақынның өмір жолы мен шығармашылығын бейнелейтін фотокөрме мен шығармалары қойылған кітап көрмесі ұсынылды. Шараның құрметті қонағы – А.С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасының өкілі Томирис Баязықова көрмеге шолу жасап, ұлы ақынның «Қара сөздерін» қамтитын заманауи онлайн-қосымшаны таныстырды. Бұл қосымшаға QR-код арқылы кіріп, материалдармен танысуға және «Қара сөздерді» жүктеп алуға мүмкіндік бар.

Бағдарлама барысында Абай шығармашылығына арналған блиц-сауалнама өтті. Қатысушылар ақынның әндері мен философиялық туындыларына қатысты сұрақтарға белсенді жауап берді. Ең көп дұрыс жауап бергендерге «Қара сөздер» жинағы мен естелік сыйлықтар табыс етілді.

Іс-шарада Полиция департаментінің қызметкері өзінің сүйікті Абай шығармасын оқып, оның мән-мағынасы мен рухани құндылығын ерекше атап өтті.

Жылы әрі мазмұнды өткен бұл кездесу ұлы ақынның мол мұрасын насихаттауға және ұлттық рухани қазынаны дәріптеуге үлес қосты.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі