ШҚО ПД-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жоба таныстырылды

ШҚО ПД-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жоба таныстырылды

                                                                                              ШҚО ПД-да киберқауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жаңа жоба таныстырылды

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде жұмыс кеңесі өтіп, оның барысында Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен «Business Group Corporation» ЖШС-нің бірлесіп әзірлеген «Щит» мобильді қосымшасын таныстырды.
Цифрлық өнімнің функционалдық мүмкіндіктері туралы ЖШС басшысы Заркомбаев Марат Викторович түсіндіріп өтті.

Ол азаматтардың киберқауіпсіздігін арттыруға бағытталған қосымшаның негізгі міндеті туралы кеңінен айтып берді. Атап айтқанда:

👩🏻‍💻 Ата-ана бақылауы

Аталған функция балаларды цифрлық қауіптерден қорғауға арналған. Ата-аналар 0-ден 16 жасқа дейінгі балалардың интернеттегі белсенділігін бақылап, қажет болған жағдайда шектеу қоя алады. Бұл балаларды зиянды немесе жағымсыз контенттен қорғауға мүмкіндік береді.

📲 Дыбыстық алаяқтықтан қорғау

Қосымша фишинг және алаяқтық қоңырауларды анықтап, бұғаттай алатын антифрод жүйесімен жабдықталған. Әсіресе елімізде кең таралған алаяқтық тәсілдерге — «сіздің картаңыз бұғатталды» немесе «ақша аударыңыз» деген сияқты қоңырауларға ерекше назар аударылған.

ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков:
«Киберқылмыстың қарқынды өсуі жағдайында «Щит» сияқты қосымшалардың болуы маңызды. Бұл жоба ең алдымен балалар мен үлкен жастағы азаматтарды қорғауға бағытталған тиімді құрал болады деп сенеміз».

Кездесу соңында қатысушылар қосымшаны халық арасында енгізу және тарату жоспарын, сондай-ақ заманауи киберқатерлерді ескере отырып оны одан әрі жетілдіру мүмкіндіктерін талқылады.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі