ІІМ: Қоғам нашақорлықтың алдын алуға тартылуда

ІІМ: Қоғам нашақорлықтың алдын алуға тартылуда

                                                                                                  ІІМ: Қоғам нашақорлықтың алдын алуға тартылуда

ҚР Үкіметі жанындағы Құқықбұзушылықтардың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия отырысында ішкі істер министрі Ержан Саденов есірткіге қарсы профилактикалық жұмыстың нәтижелері туралы баяндады. Негізгі басымдық осы бағытқа азаматтарды жұмылдыру мен өңірлерде жұмыс істейтін кеңестердің қызметіне берілген.

– ІІМ жанынан және өңірлерде есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөнінде кеңестер құрылды. Солар арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру моделін енгізіп жатырмыз. 11 мыңнан астам профилактикалық іс-шара өткізілді. Онда бір миллионнан астам жастар қамтылды, – деді ішкі істер министрі.

Профилактикалық жұмыс нашақорлық деңгейін төмендету және азаматтарды есірткіге қарсы күреске тарту жөніндегі жалпы стратегияның маңызды бөлігі болып табылады.