Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқа отырысы
Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы Ішкі істер министрліктерінің Бірлескен алқасының кезекті отырысы өтіп, екі елдің құқық қорғау органдары арасындағы екіжақты ынтымақтастықтың басым бағыттарын талқылауға арналған маңызды диалог алаңына айналды.
Отырысты Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-лейтенанты Ержан Саденов, сондай-ақ Ресей Федерациясының Ішкі істер министрі, Ресей Федерациясының полиция генералы Владимир Колокольцев бірлесіп жүргізді.
Алқа жұмысына екі министрліктің негізгі құрылымдық бөлімшелері мен қызмет басшылары қатысты.
Күн тәртібінде келесі маңызды мәселелер қаралды:
* екі елдің құқық қорғау органдарының іздестіру жұмыстары саласындағы бірлескен қызметінің нәтижелері;
* синтетикалық есірткілердің заңсыз айналымына қарсы бірлескен іс-қимыл мәселелері;
* алдағы кезеңге арналған бірлескен іс-шаралар жоспарын бекіту.
Тараптар нақты ұсыныстарды пысықтап, ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған ортақ шешімдер қабылдады.
Кездесу өзара құрмет пен конструктивті диалогпен өтіп, Қазақстан мен Ресей құқық қорғау құрылымдары арасындағы серіктестікті жаңа деңгейге көтеруге ықпал ететінін айқын көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі