ШҚО ПД-да кадр бөлімшелерінің жартыжылдық жұмысы қорытындыланды
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манаповтың төрағалығымен 2025 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кадр бөлімшелері қызметінің қорытындысына арналған жедел кеңес өтті.
Мемлекеттің ішкі тұрақтылығы мен әл-ауқатының басты факторларының бірі – заманауи талаптарға сай келетін және кадрлық әлеуетімен айқындалатын құқық қорғау жүйесінің тиімді және тұрақты жұмысы екені атап өтілді.
Кадрлық әлеуетті нығайту, қызметкерлердің идеологиялық, адамгершілік және патриоттық тәрбиесін жетілдіру мақсатында жеке құраммен жұмысты жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітіліп, оның белгіленген мерзімде орындалуы міндеттелді.
Кеңес барысында мына мәселелер қаралды:
• бос лауазымдарды жасақтау және қызметкерлерді ҚР ІІМ ведомстволық ЖОО-ларына оқуға жіберу;
• ардагерлер ұйымдарын тарта отырып, идеологиялық және тәлімгерлік жұмысты ұйымдастыру;
• жеке құрам арасында заңдылық пен тәртіпті қамтамасыз ету;
• Полиция департаментінің бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалды қолдау.
Кеңес қорытындысы бойынша ішкі істер органдарының қызметін одан әрі жетілдіруге және қызметкерлердің кәсібилігін арттыруға бағытталған нақты шаралары айқындалды.
ШҚО ПД баспасөз қызметі