Балалар қауіпсіздігі - басты назарда!
Біз үшін сенің амандығың бәрінен қымбат.
Сондықтан мынаны есте сақта:
🚦 Көшеде жүргенде абай бол!
– Жол ережесін қатаң сақта.
– Жаяу жүргіншілер өткелімен өт.
– Жүгірме, құлаққап киме — айналаңа қара.
🤖 Бейтаныс адамдардан сақтан!
– Таныс емес кісілермен сөйлеспе.
– Ешқашан көлігіне отырма.
– Уәде берген тәттіге немесе сыйлыққа алданба.
🌊 Судағы қауіпсіздік – аса маңызды!
– Арнайы рұқсат етілген жерде ғана шомыл.
– Тереңге барма, қалжыңдап итермелеме.
– Ересектерсіз суға түспе.
– Қауіп төнсе — бірден көмек шақыр!
🌙 Түнде көшеде жүруге болмайды!
18 жасқа толмаған балаларға сағат 23:00-ден кейін ата-анасыз
қоғамдық орындарда жүруге тыйым салынады.
Бұл сенің қауіпсіздігің үшін.
📞 Қандай жағдай болса да — 102 нөмірін есте сақта.
📢 Өз қауіпсіздігің – өз қолыңда!
ШҚО ПД баспасөз қызметі