ШҚО ПД-да есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесінің отырысы өтті
Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, полиция генерал-майоры Бауыржан Аленовтың төрағалығымен бейнебайланыс форматында Есірткі қылмыстарының алдын алу жөніндегі Республикалық кеңестің отырысы өтті.
Жиынға ШҚО ПД жанындағы есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу жөніндегі кеңесінің мүшелері қатысты. Өңірлік кеңестің төрағасы ретінде департамент бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Алмаз Төкенов сөз сөйледі.
Жиын мақсаты – ағымдағы жылдың ІІ тоқсанында атқарылған жұмыстың қорытындысын шығару және өзекті мәселелерді талқылау болды. Сондай-ақ, кеңес жұмысының негізгі әрі басым бағыттары қаралды.
Жиын соңында ШҚО ПД есірткі құқықбұзушылықтарының алдын алу кеңесінің төрағасы Алмаз Тілегенұлы нашақорлықтың алдын алу бойынша белсенді қызмет атқарғаны үшін бірқатар кеңес мүшелерін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің атынан алғыс хатпен марапаттады.
Самға» жекеменшік театрының жетекшісі Көңілханқызы Әлия — «Таңдау» спектаклін сахналағаны үшін;
•«Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Әділбеков Айдос Әділбекұлы;
•«Жастар Рухы» үкіметтік емес ұйымының қызметкері Нұрсейітова Эльмира Дәулетқызы;
•«Қазақстан азаматтық альянсы» ҮЕҰ жетекшісі Ашимова Аяужан Тұрсынбекқызы сынды кеңес мүшелеріне алғыс хаттар табыстады.
Іс-шара іскерлік және мазмұнды түрде өтіп, нашақорлықтың алдын алу мәселесінде ведомствоаралық өзара іс-қимылдың және қоғамды бұл шараға кеңінен тартудың маңыздылығын тағы бір мәрте көрсетті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі