Мамандық жолындағы алғашқы қадам: полиция заң факультетінің түлектерін құттықтады

Мамандық жолындағы алғашқы қадам: полиция заң факультетінің түлектерін құттықтады

                                                                                                   Мамандық жолындағы алғашқы қадам: полиция заң факультетінің түлектерін құттықтады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Мұхтарұлы Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің заң факультетін бітірген түлектерге диплом табыстау салтанатты рәсіміне қатысты.

Іс-шара университет пен Полиция департаменті арасындағы ішкі істер органдарына білікті кадрлар даярлауға бағытталған ынтымақтастық туралы меморандумды іске асыру аясында маңызды оқиғаға айналды.

Оқу барысында студенттер дуалды оқыту жүйесі бойынша білім алды: университет қабырғасындағы теориялық сабақтармен қатар полиция бөлімшелерінде практикалық тәжірибеден өтті. Тергеу және жедел қызмет базасындағы өндірістік тәжірибе болашақ заңгерлерге кәсіби тәжірибе жинақтап, ішкі істер органдарындағы жұмыстың ерекшеліктерін жақсырақ түсінуге мүмкіндік берді.

Мұндай өзара іс-қимыл қоғам мен құқықтық тәртіпке қызмет етуге дайын, кәсіби, жауапкершілігі жоғары әрі ынталы жас мамандарды қалыптастыруда маңызды қадам болды.

Оқу нәтижесі бойынша үздік түлектерге ішкі істер органдарына қызметке шақыру сертификаттары табысталды.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі