Болашақ заң қорғаушылар: полиция ШҚТУ түлектерін құттықтады

Болашақ заң қорғаушылар: полиция ШҚТУ түлектерін құттықтады

                                                                                                   Болашақ заң қорғаушылар: полиция ШҚТУ түлектерін құттықтады

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің басшылығы Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінің түлектерін оқу орнын сәтті бітіруімен құттықтады. Салтанатты шара барысында жас мамандарға ішкі істер органдарына қызметке шақыру сертификаттары табысталды.

Бұл қадам түлектерге артылған зор сенімнің белгісі әрі университет пен Полиция департаменті арасындағы білікті кадрлар даярлау бағытындағы тығыз әріптестіктің айқын көрінісі болды.

— Бүгінде қоғам алдында үлкен міндеттер тұр, бізге білімді, бастамашыл, жас кадрлар қажет. Сіздер заңға қызмет етуді абыроймен жалғастырып, құқықтық тәртіп жүйесінің сенімді тірегіне айналасыздар деп сенеміз, — деп атап өтті ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Серік Манапов.

Осындай кездесулер сабақтастықтың маңыздылығын және қоғам мен заңға қызмет етуге дайын жаңа буын мамандарын қалыптастырудағы білімнің рөлін айқындай түседі.


                                                                                                                                                                                                               ШҚО ПД баспасөз қызметі