Өскеменде «Киберқылмысқа жол жоқ» тақырыбында алғашқы республикалық зияткерлік ойын өтті

Өскеменде «Киберқылмысқа жол жоқ» тақырыбында алғашқы республикалық зияткерлік ойын өтті

                                                                                                  Өскеменде «Киберқылмысқа жол жоқ» тақырыбында алғашқы республикалық зияткерлік ойын өтті

Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес күніне орай Өскемен қаласында ашық форматтағы алғашқы республикалық «Квиз-плиз» зияткерлік ойыны ұйымдастырылды.

Игі бастама «Заң мен тәртіп» тәртіп тұжырымдамасын жүзеге асыру аясында ШҚО Полиция департаментінің қолдауымен жүзеге асты.

Зияткерлік сайыс жаңа жағалауда облыс әкімдігі қызметкерлері, БАҚ өкілдері, медиа-тұлғалар мен құрметті қонақтар – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спортшылары, халықаралық жарыстардың бірнеше дүркін жүлдегерлері Нұрбек Қарабала, Ғалымжан Жасланов және Мұратбек Қасымбайдың қатысуымен өтті.

Ойын үш кезеңнен тұрды. Әр раунд цифрлық қауіпсіздіктің маңызды аспектілеріне арналды: интернет-алаяқтық түрлері, жеке деректерді қорғау, киберқылмыстарға қарсы іс-қимыл әдістері.

Қатысушылар өз білімдерін, топтық ауызбіршілікті және цифрлық сауаттылықтың жоғары деңгейін көрсетті. Ойын қорытындысы бойынша жеңімпаздар естелік сыйлықтармен марапатталды.

Квисті тамашалауға келген көрермендер үшін бұл тек қызықты жарыс қана емес, сонымен қатар интернет-алаяқтықты тану мен алдын алуға арналған пайдалы ақпаратқа толы танымдық шара болды.

ШҚО Полиция департаменті мұндай бастамалардың құқықтық сауаттылық пен киберқауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтеді.

Азаматтарға цифрлық гигиенаны сақтауды ескертеміз: күмәнді сілтемелерге өтпеңіз, өзін «банк қызметкерімін» деп таныстыратын бейтаныс адамдарға сенбеңіз және интернетте үнемі сақ болыңыз.


                                                                                                                                                                                                             ШҚО ПД баспасөз қызметі