21 маусым – ҚР ІІМ кинологиялық қызметі күні
Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде ерекше назар мен жауапкершілікті талап ететін сала мамандары қызмет етеді. Олар – күн сайын өздерінің қызметтік иттерімен бірге тапсырмаларды орындауға шығатын кинологтар.
Кинологтың жұмысы – тек операцияларға қатысу емес. Бұл – жарылғыш заттар, қару-жарақ пен есірткі құралдарын анықтау, қылмыстарды ашуға жәрдемдесу, күдіктілерді ұстау және хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздестіру сынды маңызды бағыттарды қамтитын кәсіби-іздестіру қызметі.
Әрбір нәтиженің артында – ұзақ жылдар бойы жинақталған тәжірибе, күнделікті жаттығулар мен қызметтік итпен арадағы берік байланыс жатыр. Кинолог пен серігі – бұл біртұтас команда, мұнда әрқайсысы өз міндетіне адал.
Қоғам тыныштығы жолында көзге көрінбей, бірақ өлшеусіз еңбек етіп жүрген кинологиялық қызмет мамандарына алғысымыз шексіз.
Кәсіби мерекелеріңіз құтты болсын!
ШҚО ПД баспасөз қызметі