Бейбіт күннің байрағы
Өскемен қаласында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай патриоттық флешмоб өтті. Шараға Шығыс Қазақстан облысының полицейлері, 5518 әскери бөлімінің сарбаздары және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері қатысты.
Іс-шара аясында ел бірлігінің, тәуелсіздіктің және мәңгілік құндылықтардың символына айналған Мемлекеттік Ту салтанатты түрде көтерілді.
Біз — әртүрліміз, бірақ бәрімізді біріктіретін ортақ құндылық бар — туған жерге деген сүйіспеншілік. Ал Мемлекеттік Ту – бұл біздің тарихымызды, тамырымызды, елдік мүддеміз бен бірлігімізді айқындайтын қасиетті рәміз.
Туымыз көкте желбіреп, аспанымыз әрдайым ашық болсын!
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күні құтты болсын!
ШҚО ПД баспасөз қызметі