Қоғамдық тәртіптің кәсіби қорғаушылары: ШҚО-да «2025 жылғы үздік маман» байқауының жеңімпаздары анықталды
Өскемен қаласында ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының саптық бөлімшелері арасында «2025 жылғы үздік маман» кәсіби шеберлік байқауы өтті. ҚР ІІМ министрінің бастамасымен ұйымдастырылған бұл шара – тәртіп сақшылары үшін нағыз сын және адал қызметтің айқын көрінісі болды.
Байқаудың мақсаты – үздіктерді анықтап қана қоймай, жеке құрамның жалпы дайындық деңгейін, тәртібін және қызметке деген ынтасын арттыру.
Қатысушылар нормативтік-құқықтық актілер мен жол қозғалысы ережелерін білу, дене және қару даярлығы, күрес тәсілдері мен күрделі жағдайларда автокөлікпен маневр жасау сияқты бағыттарда бақтарын сынады.
Байқау қорытындысы бойынша:
• 1-орын — ШҚО ПД ППБ қызмет инспекторы полиция аға лейтенанты Даулетханұлы Медет;
• 2-орын — ШҚО ПД ППБ қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Атажанов Қуаныш Сапарбекұлы;
• 3-орын — Өскемен қ. ПБ ППБ қызмет инспекторы, полиция капитаны Ахметжанов Арман Қорғанұлы.
Жеке номинациялар бойынша ерекше көзге түскен қызметкерлер де марапатталды:
Нормативтік-құқықтық актілерді білу бойынша үздік
Жол жүру ережелерін білу бойынша үздік
Қарудан ату дайындығы бойынша үздік
Дене даярлығы бойынша үздік нәтиже
Күрестің жауынгерлік әдістері бойынша үздік
Автокөлікпен шапшаң маневр жасау бойынша үздік
Қолмен жол қозғалысын реттеу бойынша үздік
ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбеков жеңімпаздар мен барлық қатысушыларды құттықтап, олардың әрқайсысы жоғары дайындық деңгейін, жинақылықты және жетістікке жету ұмтылысын көрсеткенін атап өтіп:
«Сіздер — заң мен тәртіптің алғашқы шебінде тұрған жансыздар. Қаламыздың тыныштығы мен қоғамның полицияға деген сенімі – сіздердің шешімді қадамдарыңызға, кәсіби шеберліктеріңізге және нақты әрекеттеріңізге байланысты. Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтап, байқауға қатысқан әрбір қызметкерге алғысымды білдіремін», — деді ол.
Мұндай байқаулар кәсіби дағдыларды нығайтып қана қоймай, ұжымдық рухты көтеріп, салауатты бәсекелестікті қалыптастырып, полиция қызметінің беделін арттырады. Жеңімпаздар әріптестеріне үлгі бола отырып, нағыз полиция қызметкері қандай шыдамды, білімді және өз ісіне сенімді болу керектігін дәлелдеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі