ҚР ІІМ логотипі
Меню
Страницы
Департамент туралы
Байланыс ақпараты
Құжаттар
Қызметі
Баспасөз орталығы
Онлайн қабылдау
Все материалы
Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл
01 апреля 2026
ШҚО полицейлері студенттерге киберқылмыстан қорғану алгоритмдерін үйретті

ШҚО полицейлері студенттерге киберқылмыстан қорғану алгоритмдерін үйретті

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері С. Аманжолов атындағы ШҚУ-дың № 1 жатақханасында тұратын студенттер үшін профилактикалық дәріс өткізді.

Кездесу «Студент киберқылмысқа тап болғанда не істеуі керек: қайда жүгінуге болады және заң бұзушылық фактісін қалай тіркеуге болады» атты өзекті тақырыпқа арналды.

Шараның негізгі мақсаты — жастардың цифрлық сауаттылығын арттыру және интернетте қорғанудың практикалық дағдыларын үйрету.

Әңгімелесу барысында полиция қызметкерлері желіде оларға қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалған жағдайда қолданылатын іс-қимыл алгоритмдерін егжей-тегжейлі түсіндіріп берді.

Іс-шара ашық диалог форматында өтті, бұл тәртіп сақшылары мен студенттер арасында сенімді қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік берді. Диалог алаңы жастардың талқылауға белсенді қатысуына жағдай жасады: олар киберқауіпсіздіктің практикалық аспектілері туралы сұрақтар қойып, толық жауап алды.

Кездесу соңында полицейлер интернеттегі қауіпсіз мінез-құлық бойынша ұсыныстар беріп, студенттерді қырағы болуға, күмәнді ұсыныстарға ермеуге және әрқашан тек заң аясында әрекет етуге шақырды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Криминалдық полиция
01 апреля 2026
Қар үстіндегі іздер арқылы: ШҚО полицейлері мал ұрлығы фактісін ашты

Қар үстіндегі іздер арқылы: ШҚО полицейлері мал ұрлығы фактісін ашты

Шығыс Қазақстан облысының Үлкен Нарын ауданында полицейлер түнгі уақытта жасалған мал ұрлығы фактісін ашты.

Анықталғандай, наурыз айының басында екі таныс алдын ала мал ұрлауды жоспарлап, аудан аумағындағы шаруашылықтардың біріне барған. Қарлы жермен жүру үшін күдіктілер ат пен шананы пайдаланып, ұрланған малды байқатпай алып кетуді көздеген.

Түн жамылған уақытта олар бес бас ұсақ малды ұрлап кеткен. Қылмыстың ізін жасыру үшін малды көрші елді мекенге апарып, заңсыз екенін біле тұра танысының қорасына жасырған. Келтірілген шығын көлемі 400 мың теңгеден асты.

Жедел іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер күдіктілердің жүріп өткен бағытын анықтап, ұрланған малды тірі күйінде тапты.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Ұрланған мал заңды иесіне қайтарылды.

Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті шаруашылық иелеріне мүлікті қорғау шараларын күшейтуді және күмәнді жағдайлар анықталған жағдайда дер кезінде полицияға хабарласуды ескертеді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
01 апреля 2026
Өскеменде есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Өскеменде есірткілік масаң күйде көлік басқарған жүргізуші ұсталды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция батальоны қызметкерлері жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу деректерін анықтауды жалғастыруда.

Патрульдеу барысында «Өскемен – Риддер» тасжолының Грейдерная көшесі бойында полицейлер «ВАЗ-2114» маркалы автокөлікті тоқтатқан.

Тексеру кезінде көлік тізгінінде бұрын 7 жыл мерзімге көлік басқару құқығынан айырылған 23 жастағы ер адам болғаны анықталды. Тыйым салынғанына қарамастан, ол қайтадан рөлге отырған. Медициналық куәландыру оның каннабиноидтарды қолдану салдарынан есірткілік масаң күйде болғанын растады.

Қазіргі уақытта автокөлік арнайы тұраққа қойылды. Жүргізушіге қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Полицейлер алкогольдік немесе есірткілік масаң күйде көлік басқару жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қатаң жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Тергеу және анықтау
31 марта 2026
Тәттіге құмар ұры: Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад жымқырған ер адам ұсталды

Тәттіге құмар ұры: Өскеменде дүкеннен 80 қорап шоколад жымқырған ер адам ұсталды

Облыс орталығындағы ірі сауда орталықтарының бірінде бірнеше рет жасалған ұрлық фактісі тіркелді.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2026 жылдың қаңтар-ақпан айлары аралығында ер адам сауда залынан қайталанған түрде жасырын тауар ұрлап келген. Ол өз әрекетін ешкім байқамаған сәттерді пайдаланып, заттарды сыртқы киімінің астына жасырып, ақысын төлеместен дүкеннен шығып кетіп отырған.

Қаскөйдің негізгі нысанасы — шоколад өнімдері болды. Ол жалпы саны 80 қорап «Merci» шоколадын жымқырған. Бұдан бөлек, күдікті косметикалық құралдарды, азық-түлік пен жеке гигиена заттарын да қолды қылған.

Осындай заңсыз әрекеттердің салдарынан сауда ұйымына 250 мың теңгеден астам материалдық шығын келтірілді.

Кезекті ұрлық әрекеті кезінде күдіктінің жеке басы ШҚО ПД Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының көмегімен анықталып, ұсталды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Күдіктіге қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы таңдалды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды заңды сақтауға және өзгенің мүлкін жасырын жымқыру үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылғанын ескертеді.



ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
31 марта 2026
Жүргізушілердің назарына!

Жүргізушілердің назарына!

2026 жылдың 1 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысының аумағында республикалық және облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында тіркемелері және жартылай тіркемелері бар көлік құралдарының қозғалысына қойылған шектеу алынады.

Естеріңізге сала кетейік, бұл шектеу қысқы кезеңде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында енгізілген болатын.

Сапарларыңыз сәтті, жолдарыңыз қауіпсіз болсын! 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
31 марта 2026
ШҚО-да ауыл тұрғындарынан заңсыз қару жиынтығы тәркіленді

ШҚО-да ауыл тұрғындарынан заңсыз қару жиынтығы тәркіленді

Шығыс Қазақстан облысында жедел профилактикалық іс-шаралар жүргізу барысында полиция қызметкерлері Глубокое ауданында қаруды заңсыз сақтауға байланысты заңнаманың өрескел бұзылу фактілерін анықтады.

Тексеру барысында екі жергілікті тұрғынның заң талаптарын саналы түрде елемей, үйлерінде тіркелмеген қару сақтағандары белгілі болды.

Тәртіп бұзушылардың бірінен «Стражник» ұңғысыз тапаншасы мен оған арналған 10 патрон табылды. Екінші тұрғын бұдан да ірі арсенал сақтаған: одан «Стражник» тапаншасы, «ТОЗ-63» тегіс ұңғылы мылтығы және «МР-654К» пневматикалық тапаншасын тапқан.

Сонымен қатар, иелерінің ешқайсысы заңнамада қарастырылған рұқсат құжаттарын ұсына алмаған. Бұл қару айналымының белгіленген нормалары мен ережелерін тікелей бұзу болып табылады.

Барлық қару-жарақ жиынтықтары тәркіленіп алынды. Аталған тұлғаларға қатысты процестік ықпал ету шаралары қабылданып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті аруды заңсыз сақтау — жай ғана ресмилік емес, жауапкершілікке әкеп соқтыратын саналы түрдегі заң бұзушылық екенін ескертеді. Қандай түрі болса да, рұқсатсыз сақталған кез келген қару қоғамдық қауіпсіздікке қатер төндіреді және ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін. 

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
31 марта 2026
ШҚО-да «Борышкер» ЖПІШ қорытындыланды: 1500-ден астам құқық бұзушы анықталды

В ВКО подвели итоги ОПМ «Борышкер»: выявлено свыше 1500 нарушителей

В Восточно-Казахстанской области подведены итоги оперативно-профилактического мероприятия «Борышкер».

С 26 по 28 марта сотрудники полиции совместно с частными судебными исполнителями провели работу по выявлению и привлечению к ответственности должников по административным штрафам.

Всего за три дня выявлено свыше 1,5 тысячи правонарушителей, исполнено более 1200 постановлений.

Кроме того, с применением системы «O.P.E.R.» на специализированную стоянку водворены 42 автомобиля. Владельцы данных транспортных средств уклонялись от исполнения административных взысканий и создавали угрозу безопасности участников дорожного движения.

Полицейские отмечают, что подобные мероприятия будут проводиться на постоянной основе и направлены на повышение дисциплины среди участников дорожного движения.

Департамент полиции Восточно-Казахстанской области призывает граждан своевременно оплачивать штрафы и соблюдать правила дорожного движения.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
30 марта 2026
ШҚО-да «Қауіпсіз үй» жергілікті рейдтік іс-шарасы қорытындыланды

ШҚО-да «Қауіпсіз үй» жергілікті рейдтік іс-шарасы қорытындыланды

Шығыс Қазақстан облысында Қазақстан Республикасы ІІМ-нің нұсқауымен 26-29 наурыз аралығында өткен «Қауіпсіз үй» республикалық жергілікті рейдтік іс-шарасы аяқталды.

Оның негізгі мақсаты — отбасылық-тұрмыстық саладағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ қиын жағдайға тап болған отбасыларды анықтау.

Бұл шараға полиция қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар мен үкіметтік емес секторлардың өкілдері жұмылдырылды. Бірнеше күн бойы рейдтер, үйлерді аралау және тұрғындармен профилактикалық әңгімелесу жұмыстары жүргізілді.

Іс-шара барысында есепте тұрған 750-ден астам тұлға тексеріліп, анықталған заң бұзушылықтар бойынша тиісті шаралар қабылданды.

Жалпы алғанда, 420 әкімшілік құқық бұзушылық, соның ішінде отбасылық-тұрмыстық жанжалдар, тыныштықты және қоғамдық тәртіпті бұзу фактілері анықталды.

Өмірлік қиын жағдайдағы отбасыларға ерекше көмек көрсетіліп, 19 бала тәрбиеленіп жатқан 9 отбасы анықталды. Оларға құқықтық, психологиялық және әлеуметтік көмек көрсетіліп, уәкілетті органдарға тиісті хабарламалар жолданды.

«Қауіпсіз үй» іс-шарасы тек заң бұзушылықтарды анықтауды ғана емес, сонымен қатар мұқтаж отбасыларға жан-жақты қолдау көрсетуді көздейді және мұндай жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасатын болады.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес
30 марта 2026
«Көмек сұраудан» бопсалауға дейін: ШҚО полицейлері қылмыстық әрекеттің жолын кесті

«Көмек сұраудан» бопсалауға дейін: ШҚО полицейлері қылмыстық әрекеттің жолын кесті

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері Үлкен Нарын ауданында «жай ғана көмек сұрау» ретінде басталған қылмыстың жолын кесті.

Ақпан айының соңында 25 жастағы екі азамат танысының жұмыс орнына келіп, «қаржылай қолдау қажет» деген сылтаумен оны 30 мың теңге беруге көндірген. Алайда көп ұзамай олардың бірі тағы 170 000 теңге талап етіп, әрекеттерін ашық бопсалауға ұластырған. Осылайша, заңсыз талап етілген қаражаттың жалпы сомасы 200 000 теңгені құрады.

Қауіпті сезген жәбірленуші дереу полицияға хабарласқан. Тәртіп сақшылары күдіктілердің жеке басын анықтап, олардың заңсыз алынған қаражатты өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгергені белгілі болды.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

ШҚО Полиция департаменті бопсалау әрекеттері көбіне «көмек сұрау» түрінде бүркемеленетінін ескертеді. Қысымға бой алдырмай, хабарламалар мен қоңырауларды тіркеп, құқық қорғау органдарынан көмек сұраңыз.

Азаматтардың сақтығы мен полицияның жедел іс-қимылының арқасында қылмыстарды бастапқы кезеңде тоқтатуға мүмкіндік бар.


ШҚО ПД баспасөз қызметі

Жергілікті полиция қызметі
30 марта 2026
ШҚО полицейлері бала өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша істі сотқа дейін жеткізді

ШҚО полицейлері бала өліміне әкеп соққан жол апаты бойынша істі сотқа дейін жеткізді

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаменті Күршім аудандық полиция бөлімі кәмелетке толмаған жолаушының өліміне кінәлі деп танылған жол-құрылыс ұйымдарының бірінің 53 жастағы бас инженеріне қатысты қылмыстық істі тергеп-тексеруді аяқтады.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің жол үстіндегі үйілген топырақтардың көлік қозғалысына қауіп төндіргені белгілі болды. Алайда, ол «Жол жүрісі туралы» ҚР Заңының талаптарына қарамастан, ескерту жол белгілерінің орнатылуын қамтамасыз етпеген.

Осы салғырттықтың салдарынан 2025 жылғы 31 қазанда «Күршім–Қалжыр–Ақсуат» тасжолының 37-шақырымында ауданның 37 жастағы тұрғыны жол үстіндегі үйілген топыраққа соғылған. Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде оның 2019 жылы туған кішкентай ұлы оқиға орнында көз жұмғае, ал 2017 жылы туған қызы түрлі жарақаттар алған.

Қылмыстық істі тергеу шамамен үш айға созылған. 2026 жылдың қаңтарында іс сотқа жолданып, наурыз айында айыптау үкімі шықты. Сот инженерді «Көлікте қолданылатын қағидаларды бұзу» бабының үшінші бөлігі - абайсызда адам өліміне әкеп соққан әрекет бойынша кінәлі деп таныды. Оған бас бостандығынан айыру және бір жыл мерзімге жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге байланысты лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.

ШҚО Полиция департаменті лауазымды тұлғалар мен мердігер ұйымдарды автомобиль жолдарында жұмыс жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Жолдағы бір ғана салғырттық адам өмірін қиюы мүмкін.


ШҚО ПД баспасөз қызметі

Социальные сети
Меню подвал
Экран дикторы
Терминдер мен қысқартулар
Құпиялылық саясаты
Ашық деректердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру қағидалары
Жасанды интеллектті дамытудың 2024 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы
Цифрлық трансформация тұжырымдамасы
Өмірлік жағдайлар
ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі
ҚР Премьер-Министрінің сайты
ҚР Президентінің сайты