Өскеменде бұрын жүргізуші құқығынан айырылған мас жүргізуші ұсталды
Өскемен қаласының көшелерін патрульдеу кезінде патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 36 жастағы Ақтөбе қаласының тұрғыны тізгіндеген шетелдік көлікті тоқтатқан. Жүргізушіні тексеру барысында полицейлер одан алкогольдің өткір иісі шығып тұрғанын байқаған.
Тәртіп сақшылары әйелді медициналық тексеруге жіберіп, нәтижесінде оның орташа дәрежедегі алкогольдік мас күйде болғаны анықталды. Құжаттарын тексеру барысында әйелдің 2021 жылы Ақтөбе қаласының әкімшілік сотының қаулысымен 7 жылға көлік құралдарын басқару құқығынан айырылғаны анықталды.
Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталып, құқық бұзушы уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицейлер жол жүрісі қағидаларын сақтаудың маңыздылығын еске салады! Көлікті мас күйінде жүргізу заңды бұзу ғана емес, сонымен қатар барлық жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына үлкен қауіп төндіреді. Көлікті жауапкершілікпен жүргізіңіз және өзіңізге де басқаларға да қауіп төндірмеңіз!
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Шығыс Қазақстандық кинологтар студенттерді ашық есік күніне шақырды
Бүгін жастар арасында нашақорлықтың алдын алу профилактикалық жұмыстарының негізінде Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің кинологиялық қызмет орталығында ашық есік күні өтіп, оған полицей иттердің жұмысымен танысқысы келген ШҚУ студенттері қатысты.
Іс-шара төрт аяқты тәртіп сақшыларының көмекшілерінің олармен бірге қауіпсіздікті қалай қамтамасыз ететінін, қылмысты ашуға көмектесетінін көргісі келген жастар үшін тамаша мүмкіндік бола білді.
Оқушылар полицейлердің қызметтік иттері жаттығу жасап, ізденімпаздық қабілеттерін көрсеткенін шынайы қызығушылық танытып қарады. Бәрінен бұрын өзіне ерекше назар аудартқан неміс овчаркасы Энигма болды. Бірнеше минут ішінде ол студенттердің бірінің жасырған затын тауып, көрермендерін таңқалдырды. Сонымен қатар, Энигма жалпы дайындық курсының нормативтерін орындап, кедергілерден өту арқылы кәсіби дайындығын дәлелдеді.
Көліктерде жарылғыш заттың бар жоғын анықтау арқылы өзінің белсенділігін танытқан бельгиялық овчарка Логан да назардан тыс қалмады.
Осы қызықты қойылымдардың барлығы қатысушыларға полицей иттердің жұмысының қаншалықты маңызды екенін жақсырақ түсіндірді.
Бұған қоса, студенттерге әртүрлі қылмыс түрлерін ашуда қолданылатын арнайы техника мен полицияның ең қажетті керек-жарақтары көрсетіліп, шағын көрме ұйымдастырылды.
Іс-шара соңында қатысушылар қыщметтік иттердің бірінің күшіктерін көріп, керемет әсер қалдырған қызықты кездесуден естелік болсын деп фотосуретке түсті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО полициясында кадрлық өзгерістер: аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды
Бүгін Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде аумақтық бөлімдердің жаңа басшылары тағайындалды.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бұйрығымен Өскемен қаласындағы Ертіс полиция бөлімін полиция подполковнигі Жұмекенов Әділет басқарса, полиция подполковнигі Закиров Латиф Риддер қаласындағы ПБ бастығы болып, полиция подполковнигі Толықпаев Саят Үлкен Нарын ауданының полиция бөлімінің басшысы лауазымына, полиция майоры Әсет Қисанов Тарбағатай ауданы полиция бөлімінің бастығы, ал Шемонаиха аудандық полиция бөлімін полиция подполковнигі Әсет Шахантаев басқарды.
Жаңа басшыларды жеке құрамға ШҚО ПД бастығы полиция генерал-майоры Ерлан Омарбеков таныстырды.
«Бүгінде сіздердің алдарыңызда полиция жұмысын жақсарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашылып отыр. Азаматтардың құқық қорғау органдарына деген сенімін арттырудың маңызды бөлігі - сіздердің қызметтеріңіздің ашықтығы мен айқындығы екенін біліңіздер. Тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтап, барлық азаматтардың құқықтарын, бостандығы мен заңды мүдделерін қорғаңыздар» - деді облыстың бас полицейі.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Өскемен қаласының тұрғыны қостұтас жолақтың бойымен серуендеген
Тәртіп бұзушы видеоны өзінің Instagram парақшасында жариялаған.
Алайда, заң бұзушылықты байқаған қала тұрғындары бұл әрекетті бейжай қалдырмады. Оның жарияланымын бірнеше желі қолданушылары құқық қорғау органдары жедел ден қою үшін ШҚО Полиция департаментінің insta парақшасына direct-ке жолдаған.
Кадрларда іс-әрекетімен өзінің де, өзгенің де өмірін қауіп-қатерге тігетінін түсінбей, ережені өрескел бұзған әйел адамның жол ортасында қоссызықты жолақ бойымен жүріп бара жатқаны көрінеді.
Полицейлер жол жүрісі қағидасын бұзған Өскемен қаласының 32 жастағы тұрғыны мен оның операторын анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары алдағы уақытта осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында профилактикалық әңгіме жүргізді.
ШҚО Полиция департаменті азаматтарды жол жүрісі қағидаларын қатаң сақтауға шақырады және бір қарағанда қатты маңызы жоқ болып көрінген бұзушылықтардың өзі ауыр зардаптарға әкеп соғуы мүмкін екенін ескертеді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО ПД бастығының орынбасары жұмыс сапарымен Глубокое ауданының полиция бөліміне барды
ШҚО Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Тақжанов Қазбек Мұхтарұлы жұмыс сапарымен Глубокое ауданының полиция бөліміне барды. Оның барысында полицей аудандық бөлімнің басшылығымен және жеке құрамымен кездесу өткізді. Қазбек Мұхтарұлы аудандағы жедел жағдаймен танысып, қылмысқа қарсы күресте тәртіп сақшыларының алдында тұрған міндеттерді талқылады.
Кездесу барысында профилактикалық жұмыстың және халықпен өзара іс-қимылдың маңыздылығы туралы айтылды. Қоғамдық тәртіпті сақтау және азаматтардың полицияға деген сенім деңгейін арттыру мәселелеріне ерекше назар аударылды. Полиция полковнигі өтініштерге жедел ден қою қажеттігін атап өтті.
Іс-шара соңында ол полицейлердің күнделікті іс-әрекетінде тәртіп пен заңдылықты сақтаудың маңызды екенін жеткізіп, жедел жұмысты жақсарту бойынша нақты тапсырмалар берді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
Сенімін ақтамады: Өскемен қаласының тұрғыны танысын алдап, ақшасын жұмсап жіберген
Өскемен қаласының полициясына жергілікті тұрғын құрбысының алдап алаяқтық жасағаны туралы арыз жазып, жүгінген.
Жәбірленушінің айтуынша 2022 жылдың қыркүйегінде жеке кәсіп ашқан. Кейіннен, құрбысынан бухгалтерлік қызмет бойынша, оның ішінде табыс салығын төлеуге және қызметкерлердің зейнетақы төлемдерін аударуға көмектесуін сұраған. Осылайша, ол "көмекшісінің" шотына ай сайын ақша аударып отырған.
Алайда, біраз уақыттан кейін «есепші» тиісті міндеттемелерін орындамай, барлық аударылған қаражатты өз қажеттілігіне жұмсап жібергені анықталған. Келтірілген жалпы шығын сомасы 3 миллион теңгені құраған.
39 жастағы күдікті өз кінәсін толық мойындады. Қазір алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
ШҚО Полиция департаментінде жедел кеңес өтті
Бүгін ШҚО Полиция департаментінің бастығы Ерлан Омарбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшылығының, басқармалар мен бөлімдер басшыларының қатысуымен, сондай-ақ аудандық полиция бөлімдерінің басшыларымен бейнеконференцбайланыс арқылы жедел кеңес өтті.
Күн тәртібінде ҚР ӘҚБтК талаптарының сақталуы, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, арнайы мекемелердің жұмысын ұйымдастыру, сондай-ақ қылмыстық істерді тергеудің жай-күйі сынды тақырыптар қаралды. Жергілікті полиция қызметінің жауынгерлік бөлімшелерінің қоғамдық тәртіпті және жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жедел іс-шараларының нәтижелері туралы ШҚО ПД ЖПҚБ, ӘПБ және АБ мен аумақтық полиция бөлімшелерінің бастықтары баяндама жасады.
Отырыс қорытындысы бойынша ұйымдастырушылық және практикалық жұмыстың нәтижелерін жақсарту мақсатында қажетті шаралар қабылданды. Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларын анықтауға, олардың алдын алудың нақты шараларын әзірлеуге ерекше назар аударылды.
ЖКО алдын алудың жаңа әдістерін енгізудің халықаралық тәжірибесін зерделеу, EРАП деректер базасына мониторинг жүргізу, сондай-ақ әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің сақталуын бақылаудың жаңа нысандарын енгізу жоспарлануда.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық жағдайлары бойынша әрекет ету тәртібін қайта қарауға ерекше назар аударылды. Зардап шеккендерге және басқаларға қауіп төндіретін құқық бұзушыларды оқшаулау бастамасы негізге алынды. Шешімдердің негізділігін міндетті түрде алдын ала зерделей отырып, қылмыстық істерді тоқтату кезінде қылмыстық іс жүргізу кодексі нормаларының дұрыс қолданылуын бақылау күшейтілді.
— «Әр басшы қызмет көрсетілетін аумақтағы жедел ден қойылуы қажет жағдайды білетіндей, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалды да жетік білуі тиіс. Барлық жеке құрам ұжымы біртұтас кәсіби үйлесімде болуы керек. Азаматтарымыздың қауіпсіздік деңгейін бақылау барлығымызға байланысты», - деп атап өтті ШҚО ПД бастығы Ерлан Омарбеков.
Отырыс нәтижесін қорытындылаған Е.Омарбеков жеке құрамның өңірдегі қауіпсіздік пен тәртіп деңгейін арттыруға бағытталған қызметін әрі қарай жетілдіру бойынша нақты міндеттерін атап өтті.
ШҚО ПД баспасөз қызметі
ІІМ: Шығыс Қазақстан облысында «алаяқ риэлторлар» ұсталды
ШҚО ПД Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері нотариус пен риэлторлардың қатысы бар "алаяқ риэлторлар" тобының кәсібін тоқтатты.
Қылмыстық іс бойынша күдіктілер ішімдікке бейім шығысқазақстандықтардың бірнеше пәтерлерін заңсыз иемденген.
Тінту іс шараларын жүргізу барысында жедел уәкілдер әртүрлі жылжымайтын мүлік объектілеріне құжаттар, жеке тұлғалардың дербес деректерін, сондай-ақ іс бойынша өзге де заттай дәлелдемелер тәркілеген.
Жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын 60 млн. теңгеден асады.
Полицияға барлығы төрт күдікті жеткізілді. Олардың осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтау мақсатында тексеру жүргізілуде.
Тергеу аса ірі мөлшердегі алаяқтық фактісі бойынша жүзеге асырылады.
ШҚО ПД баспасөз қызметі