Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері қатысты

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған шеруге ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері қатысты

Астанада Қазақстан Республикасының Президенті — Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Отан қорғаушы күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты әскери шеру өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.

Шеруде ІІМ жылдам қимылдайтын арнайы жасағының 160 қызметкері жүріп өтті. Қорапты полиция ведомствосының арнайы және жұмылдыру даярлығы департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сабыр Жүсіпбеков басқарды. Тәртіп сақшылары саптық дайындықтың, тәртіп пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті. Тарихи іс-шараға қатысу олар үшін ардагерлер мен қаза тапқан батырларға деген құрметтің белгісіне айналды. Айта кету керек, шеруге Ішкі істер министрлігінің Ұлттық ұланының 400-ден астам әскери қызметшісі де қатысты.