26 сәуір күні “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында қазақстандықтар сенбілікке шықты.
“Наурыз” саябағында ағаш отырғызуға арналған ауқымды шара ұйымдастырылды. Бұл маңызды бастамаға полиция қызметкерлері мен басқа да мемлекеттік органдардың өкілдері белсене қатысты
Ағаш отырғызу жұмыстарына Ұлытау облысы полиция департаментінің бастығы Қайыркен Әлиев бастаған 200-ден астам тәртіп сақшысы мен ішкі істер органдарының ардагерлері атсалысты.