5 сәуірден бастап Қазақстан Республикасында тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынды.

5 сәуірден  бастап Қазақстан Республикасында тіркелмеген мопедтерді басқаруға тыйым салынды.

Бұл жаңашылдық еліміздің жол қауіпсіздігін арттыру, жастардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында енгізілді. Жезқазған қаласының жастары жаңа ережелерді түсіндіруге белсенді түрде атсалысуда, бұл шараның маңыздылығын түсініп, қоғамда жауапкершілікті арттыруды көздейді.

Жаңа ережелер мопедтерді тіркеудің міндеттілігі мен жол қозғалысы ережелерін сақтаудың қажеттілігін қамтиды. Тіркелмеген мопедті басқару – бұл тек заң бұзушылық қана емес, сонымен қатар, жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін маңызды шара. Жезқазған жастары бұл өзгерістерді түсіндіру мақсатында ақпараттық науқандар ұйымдастырып, жастар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.