Сәтбаевта миллион теңгеден астам айыппұлы төленбеген көлік айыптұраққа қойылды

Сәтбаевта миллион теңгеден астам айыппұлы төленбеген көлік айыптұраққа қойылды

Сәтбаевта патрульдік полиция қызметкерлері «Қорғау» ақпараттық жүйесінің көмегімен төленбеген айыппұлдарының жалпы сомасы бір миллион теңгеден асатын Mitsubishi Pajero автокөлігін анықтады.

Шетелдік мемлекеттік тіркеу нөмірі бар көлік айыппұлдар бойынша берешекті өндіріп алу мақсатында арнайы тұраққа қойылды.

«Қорғау» жүйесі патрульдік полиция қызметкерлеріне көлік туралы мәліметтерді жедел тексеруге мүмкіндік берді. Соның нәтижесінде берешегі бар автокөлік анықталып, тиісті шара қабылданды.

Полиция жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтап, салынған айыппұлдарды уақытылы төлеуге шақырады.