Полиция жыл басынан бері мал ұрлығына қатысы бар екі қылмыстық топтың жолын кесті.
Тергеу барысында топ құрамындағы 10 адамның 13 мал ұрлығы дерегіне қатысы анықталуда. Бұдан бөлек, жекелеген қылмыстық істер бойынша тағы 3 күдікті ұсталды. Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде заңды иелеріне 40 бас мал қайтарылды. Қазіргі таңда аталған деректер бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.
Мал ұрлығының алдын алу және қылмыстарды дер кезінде анықтау мақсатында өңірде «Мал ұрысы» жедел-профилактикалық іс-шарасы тұрақты түрде өтуде. Полиция мал иелерін төрт түлікті қараусыз қалдырмай, таңбалап, есепке қоюға, ал мал жоғалған немесе ұрланған жағдайда полицияға дереу хабарлауға шақырады.