Полиция қызметкерлері жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырады.
Ұлытау облысы Полиция департаментінің Патрульдік полиция ротасының инспекторлары жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында дронның көмегімен рейдтік іс-шаралар өткізуде.
Әуеден бақылау барысында жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған жүргізушілер анықталып, олар қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды.