Ұлытау облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіп пен заңдылық мәселелері бойынша полицейлік жиын өтті

Ұлытау облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіп пен заңдылық мәселелері бойынша полицейлік жиын өтті

Бүгін Ұлытау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Дәурен Ибраевтың төрағалығымен жеке құрам арасында қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері бойынша полицейлік жиын өтті.Жиын барысында қызметтік тәртіпті қатаң сақтау, атқарушылық тәртіпті күшейту, қызметтік әдеп талаптарын сақтау, сондай-ақ полиция қызметкерінің кәсіби жауапкершілігін арттыру мәселелері талқыланды.Кездесу барысында заң талаптарын мүлтіксіз орындаудың, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы атқарудың маңыздылығы атап өтіліп, жеке құрамға нақты тапсырмалар берілді.