Сайысқа мектеп оқушыларынан құралған 6 команда қатысып, ептілік, жылдамдық және ұйымшылдық бойынша бақ сынасты. Сонымен қатар профилактика кеңесінің мүшелері мен еріктілер жасөспірімдермен кездесіп, салауатты өмір салтын насихаттады. Басты мақсат – жастарды спортқа баулу, зиянды әдеттердің алдын алу және есірткінің қауіптілігі туралы түсіндіру.