Өңірде «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

Өңірде «Жолдағы балалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды

3–7 маусым аралығында облыс аумағында «Жолдағы балалар» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Іс-шараның негізгі мақсаты – балалардың қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігі мәдениетін қалыптастыру және жазғы демалыс кезінде жасөспірімдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Жыл басынан бері облыс аумағында балалардың қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары салдарынан 25 жасөспірім түрлі дене жарақатын алған.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері жүргізушілер мен ата-аналарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, тұрғындар көп жиналатын орындарда, аулаларда және жол бойында профилактикалық рейдтер өткізеді. Сондай-ақ балаларға жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттілігі түсіндіріледі.

Полиция департаменті ата-аналарды балалардың қауіпсіздігіне ерекше назар аударуға, жол қозғалысы ережелерін сақтауға және кәмелетке толмағандарға қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін үйретуге шақырады.