Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты басымдық.

Азаматтардың өмірі мен қауіпсіздігі – басты басымдық.
Өңірде жазғы маусымда су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында профилактикалық іс-шаралар күшейтілді. Полиция департаменті және Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері тұрғындарды судағы қауіпсіздік ережелерін қатаң сақтауға шақырады.
Балаларды қараусыз қалдырмау, тек рұқсат етілген және жабдықталған орындарда шомылу, сондай-ақ суға түсу кезінде қауіпсіздік талаптарын сақтау – қайғылы жағдайлардың алдын алудың негізгі шаралары болып табылады.