Батыр рухы — ұрпақтар жадында

Батыр рухы — ұрпақтар жадында
Тағылымды шараға департамент бастығының орынбасары Алмаз Саламатов, ішкі істер органдарының ардагерлері мен жеке құрам қатысты. Қатысушылар батырдың бюстіне гүл шоқтарын қойып, ерлікке толы ғұмырына құрмет білдірді.
Іс-шара барысында Мұрат Құрмановтың майдандағы ерлігі мен бейбіт күндегі мінсіз қызметі ерекше аталып өтті. Ол Отан үшін от кешіп, ел тыныштығы мен қоғамдық тәртіпті сақтауға саналы ғұмырын арнаған тұлға. Батырдың өмір жолы — бүгінгі жас полицейлер үшін адалдық пен отансүйгіштіктің жарқын үлгісі.