Жезқазған қаласындағы Абай атындағы мамандандырылған мектеп-интернатында «Заң мен тәртіп» қағидатын насихаттауға бағытталған дебат өтті. Оқушылар «Қатаң заң ба, әлде тәрбие ме?» тақырыбында өз ойларын ортаға салып, құқықтық мәдениет пен ұлттық құндылықтардың маңызын талқылады.