Мереке күндері қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция департаментінің жеке құрамы күшейтілген жұмыс режиміне көшірілді.
Полиция қызметкерлері тәулік бойы қызмет атқарып, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және жедел әрекет етуге бағытталған шараларды жүзеге асыруда. Азаматтарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық орындарда тәртіп бұзбауға шақырамыз.