
Жезқазған қаласының полиция қызметкерлері қоғамдық тәртіпті сақтау және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жүргізілген түнгі рейдтік іс-шаралар барысында алкоголь өнімдерін белгіленбеген уақытта сату фактілерін анықтады.
Іс-шара нәтижесінде қала аумағындағы екі бірдей сауда нүктесінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұза отырып, түнгі уақытта алкоголь өнімдерін сату жүзеге асырылғаны белгілі болды.
Заң талаптарын бұзушыларға қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
Полиция департаменті кәсіпкерлерге алкоголь өнімдерін сату тәртібі мен уақыттық шектеулерді қатаң сақтау қажеттігін ескертеді. Сонымен қатар, тұрғындарды заң бұзушылықтар туралы уақтылы хабарлауға шақырады.
Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табады.