
Жезқазған қаласының полиция басқармасында №22 мектеп оқушылары үшін ерекше ашық есік күні өтті. Балалар тәртіп сақшыларының тыныс-тіршілігімен танысып, полиция жұмысының қыр-сырын білді.
Оқушыларға құқық бұзушылықтың алдын алу және заңды құрметтеудің маңыздылығы түсіндірілді.
Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ жауынгерлері өздерінің жауынгерлік әдіс-тәсілдерін көрсетіп, балаларды тәнті етті.
Оқушылар қаруды шашып-жинау процесін өз көздерімен көріп, мамандардың кәсіби шеберлігіне куә болды.
Бұл кездесу оқушылардың отансүйгіштік сезімін оятып, болашақ мамандық таңдауларына оң әсер етері сөзсіз. Біздің мақсатымыз – қауіпсіз қала және заңды сыйлайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу!