Тәртіп сақшылары облыс аумағындағы көші-қон заңнамасының сақталуын қатаң бақылауға алды.
Жедел іс-шара аясында полиция қызметкерлері құрылыс нысандары мен базарларды, жалдамалы пәтерлер мен жатақханаларды тексеруде. Іс-шараның алғашқы екі күнінде полиция қызметкерлері 60-қа жуық құқық бұзушылықты әшкереледі. Оның ішінде:
1. Шетелдіктердің елде болу мерзімін өткізіп алуы;
2. Жұмыс берушілердің шетелдік азаматтарды заңсыз еңбекке тартуы;
3. Қабылдаушы тараптың (Қазақстан азаматтарының) көші-қон органдарына уақтылы хабар бермеуі.