Ұлытау облысында қылмыс деңгейі төмендеді

Ұлытау облысында қылмыс деңгейі төмендеді
Жезқазғанда өткен есептік кездесуде ПД бастығы Нұрхат Оразбаев 2025 жылғы нәтижелерді жариялады. Өңірдегі жедел жағдай тұрақты, қылмыс саны айтарлықтай азайған.
Аса ауыр қылмыстар – 50%
Ауыр қылмыстар – 13,3%
Онша ауыр емес қылмыстар – 28% төмендеген.
Сонымен қатар, көшедегі, қоғамдық орындардағы және тұрмыстық құқық бұзушылықтар да азайған.
«Киберпол» 5 мыңнан астам заңсыз сайтты бұғаттап, 1000-нан астам дроппердің жолын кесті. Азаматтарға 18,6 млн теңге қайтарылды. Облыста 3648 бейнекамераны біріктірген ЖБО жұмыс істейді. Мектептердің 81,6%-ы жүйеге қосылған.
Жол қауіпсіздігі үшін дрондар мен «Ekin-patrol» жүйелері қолданылуда.
Кездесу соңында тұрғындардың сауалдарына жауап беріліп, көтерілген мәселелер назарға алынды.