Оқиға Жезқазған – Арқалық – Есіл – Петропавл бағытындағы жолда, Жезді мен Ұлытау ауданының аралығында болған. Ұлытауға жұмысымен барып, қайтар жолға шыққан азамат қатты боранға тап болып, жолды көру мүмкін болмай қалған.
Қиын жағдайда келе жатқан жүргізуші жолда Ұлытау облысы Полиция департаменті патрулдік полиция ротасының инспекторлары – Мадияр Ақжолов және Әділет Өмірзақовты кездестірген. Полиция қызметкерлері бірден көмек ұсынып, қауіпсіз жолға шығуына жәрдемдескен.
Тәртіп сақшылары жаяу көліктің алдында жүріп отырып, бағыт көрсетіп, азаматты қауіпсіз жолға шығарып салған. Олардың көмегінің арқасында жүргізуші аман-есен үйіне жетті.
Жүргізуші полиция қызметкерлеріне шынайы алғысын білдіріп, олардың кәсібилігі мен адамгершілігін ерекше атап өтті.
Ұлытау облысы Полиция департаменті азаматтарды қолайсыз ауа райы кезінде алыс жолға шықпауға, ал жолда қиын жағдай туындаған жағдайда полиция қызметкерлерінің көмегіне жүгінуге шақырады.