10–13 наурыз аралығында Ұлытау облысының аумағында қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және қылмыстың жолын кесу мақсатында “Құқықтық тәртіп” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.
Іс-шара барысында полиция қызметкерлері қоғамдық орындарда құқықтық тәртіпті күшейтіп, көшелер мен аулаларды, ойын-сауық орындарын, сондай-ақ бұрын сотталған және профилактикалық есепте тұрған тұлғаларды тексереді.
Сонымен қатар жол қозғалысы қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, жүргізушілердің жол ережелерін сақтауына бақылау күшейтіледі.Полиция департаменті тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және құқық бұзушылықтарға бей-жай қарамауға шақырады.