Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.

Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ міндет.
Ұлытау облысы аумағындағы республикалық маңызы бар тас жолда жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жол қозғалысына қатысушыларға:
белгіленген жылдамдықты сақтау
қарсы бағытқа шықпау
қауіпсіздік белдігін тағу
шаршаған күйде көлік басқармау
ауа райын ескере отырып қозғалу қажеттігі түсіндірілді.
Сондай-ақ жүргізушілерге жол мәдениетін сақтау, жаяу жүргіншілерге құрмет көрсету және балалар қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде ескертулер берілді.
Республикалық автожол – қарқынды қозғалыс аймағы. Әр жүргізуші жауапкершілікті сезініп, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауы тиіс.
Жол қателікті кешірмейді.
Үйде сізді жақындарыңыз күтуде.