Ұлытау ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері республикалық және облыстық маңызы бар автожолдарда жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тазалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізуде.
Қысқы кезеңде жолдарды қар мен мұздан аршу, көктайғақтың алдын алу үшін құм-тұз қоспасын себу, жол жиегін ашу жұмыстары ұйымдастырылған. Арнайы техникалар тәулік бойы кезекшілік атқарып, жол қозғалысының үздіксіз әрі қауіпсіз болуын қамтамасыз етуде.
Атқарылып жатқан шаралардың негізгі мақсаты:
жол-көлік оқиғаларының алдын алу;
көлік қозғалысының қауіпсіздігін сақтау;
жүргізушілерге қолайлы жағдай жасау;
шалғай елді мекендермен қатынасты үзбеу.
Құрметті жүргізушілер! Ауа райы жағдайын ескеріп, жылдамдық режимін сақтауды, қауіпсіз арақашықтықты ұстануды және жол белгілеріне мұқият болуды сұраймыз.
Жолдағы қауіпсіздік – баршамызға ортақ жауапкершілік.
Үйде сізді жақындарыңыз күтеді.