Ұлытау облысында абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша профилактика күшейтілді

Ұлытау облысында абаттандыру қағидаларын бұзу фактілері бойынша профилактика күшейтілді

Облыс аумағында елді мекендерді абаттандыру қағидаларын сақтау бағытындағы профилактикалық жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде. Қабылданып жатқан іс-шаралар құқық бұзушылықтардың алдын алуға және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған.

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабына сәйкес аумақтарды уақтылы тазаламау, қалдықтарды белгіленбеген орындарға төгу, жасыл желектерді бүлдіру және абаттандыру талаптарын сақтамау әкімшілік жауапкершілікке әкеледі. Құқық бұзушылықтың сипатына қарай ескерту немесе әкімшілік айыппұл түріндегі шаралар қолданылады.

Жыл басынан бері тазалық талаптарын сақтамау бойынша 241 дерек анықталды. Полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар өткізіп, тұрғындармен тұрақты түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қоршаған ортаны таза ұстауға, абаттандыру қағидаларын қатаң сақтауға және құқық бұзушылықтарға жол бермеуге шақырады.