
Әлеуметтік желідегі қарапайым бас тартудан басталған оқиға бір отбасыныңөмірін жылдар бойы үрей мен қорқынышта ұстады. Ұлытау облысында CyberPolқызметкерлері киберқудалаудың ең ұзаққа созылған істерінің бірін ашты. Бесжылға жуық уақыт бойы күдікті анонимді аккаунттар мен цифрлық бүркеншік аттардыпайдаланып, бір отбасын жүйелі түрде қудалаған. Алғашында қысым тікелей қызғакөрсетілген — бопсалау, қорқыту, жалған ақпарат тарату. Кейін қудалау одан дақауіпті деңгейге өткен.Жасанд ы интеллект мүмкіндіктерін пайдалана отырып, күдікті шынайы адамдардыимитациялайтын интимдік сипаттағы жалған фото және бейнематериалдар жасаған.Бұл материалдар интернетте таратылып, туыстарына, таныстарына және үшіншітұлғаларға жіберілген. 2023 жылы жәбірленушінің тұрмысқа шығатынын білген аноним қыздың болашақкүйеуінің отбасына ар-намысына нұқсан келтіретін жалған бейнематериалдардыжолдаған. Соның салдарынан үйлену тоының жоспары бұзылған. Қыз цифрлықкеңістіктен толықтай кетуге тырысқан кезде, қудалау оның жақын туысынабағытталған. Интернетте жалған анкеталар мен материалдар таралып, отбасының,оның ішінде кәмелетке толмаған балалардың қауіпсіздігіне нақты қауіп төнген.Күдіктінің өзі н толықтай жазасыз әрі анониммін деп санағанына қарамастан,киберполиция қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында оның жеке басын анықтады.Заманауи цифрлық технологиялар мен талдау құралдарының көмегімен көп жылғасозылған онлайн-қудалаудың артында тұрған нақты тұлға әшкереленді. Күдікті ретінде С әтбаев қаласының 22 жастағы тұрғыны анықталды. Ұстаушарасы ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы қызметкерлерінің қатысуыменоның тұрғылықты мекенжайында жүргізілді. Тінту барысында құқыққа қайшыәрекеттерде пайдаланылған компьютерлік техника мен байланыс құралдарытәркіленді. Күдіктіге қатысты қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.Тергеу оның басқа да киберқылмыстарға қатыстылығын тексеруде.