
Ұлытау облысында полиция мен еріктілер есірткі жарнамаларын жойды, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұлытау облысында ПД есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы профилактикалық бағыттағы жұмысты жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы бағыттағы маңызды бастамалардың бірі – қоғамды, әсіресе жастарды есірткіге қарсы күреске тарту. Ұлытау облысы полиция департаментінің есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы қоғамдық ұйымдармен бірлесіп, қала аумағында профилактикалық акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында ерікті жастардың белсенді қатысуымен қала инфрақұрылымындағы есірткі құралдарын жарнамалайтын, заңсыз граффити жазбалар анықталып, жойылды Акцияға "Еспол Қоры" қоғамдық бірлестігінің 10 волонтері қатысып, полиция қызметкерлеріне нақты көмек көрсетті. Бірлескен жұмыс нәтижесінде шамамен 20-ға жуық рұқсатсыз салынған жазулар боялып, қала келбетіне нұқсан келтіретін элементтер жойылды. Мұндай іс-шаралар тек қала көркін жақсартып қана қоймай, жастардың құқықтық санасын арттыруға, есірткіге қарсы иммунитет қалыптастыруға және вандализмге деген теріс көзқарасты нығайтуға ықпал етеді. Ерікті жастар бұл бағытта полицияның сенімді серіктесіне айналып отыр. Есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл басқармасы алдағы уақытта да еріктілермен және қоғамдық ұйымдармен бірлескен профилактикалық жұмыстарды жалғастырып, қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді шараларды жүзеге асыра бермек.