Ұлытау облысында полиция қызметкерлері Жезқазған - Қарағанды бағытындағы тас жолда жылжымалы қабылдау бекетін ұйымдастырды

Ұлытау облысында полиция қызметкерлері Жезқазған - Қарағанды бағытындағы тас жолда жылжымалы қабылдау бекетін ұйымдастырды

Бүгін Ұлытау облысында полиция қызметкерлері Жезқазған - Қарағанды бағытындағы тас жолда жылжымалы қабылдау бекетін ұйымдастырып, жүргізушілерге жол ережесін сақтауды тағы бір мәрте еске салды.

Полиция департаменті QazAvtoJol және автомектеп мамандарымен бірлесіп, қауіпті учаскелерді бақылауда ұстап, жол-көлік оқиғаларының алдын алуға бағытталған шараларды жүргізуде. Бір күнде 200-ге көлік тоқтатылып, жүргізушілерге жол жүру ережелерін сақтау, жылдамдықты азайту және қауіпсіздік белдіктерін тағу жөнінде ескертулер берілді.

Тәртіп сақшылары ауа райының қолайсыздығын ескере отырып, көліктердің техникалық жағдайын, әсіресе дөңгелектердің маусымға сай екендігін мұқият тексерді.

Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бұл жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.