ҚР ІІМ мақұлдаған "Полицияның қоғамдық көмекшілері" жобасы Жаңаарқа ауданы әкімдігінде өткізілген ведомствоаралық комиссия отырысында қаралды. Кеңеске аудандық барлық мемлекеттік органдар, шаруа қожалықтары иелері, қоғам өкілдері қатысты. Жобаны жүзеге асыру мақсатында қоғамда беделі бар және жағымды пікір қалыптасқан тұрғындар арасынан үміткерлерді іріктеу механизмі, қоғамдық көмекшілер институтын қалыптастыру бағытында қандай шаралар қабылданып жатқаны түсіндірілді. Комиссия отырысын өткізу мақсаты - белсенді азаматтардың қатарынан көмекшілерді тарту және оларды даярлау жолымен учаскелік полиция инспекторлары ның профилактикалық жұмысының тиімділігін арттыру болып табылады.