Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді

Ұлытау облысында жол қызметтерінің қысқы маусымға дайындығы тексерілді, – деп хабарлайды Polisia.kz. Ұлытау облысы полиция департаментінің әкімшілік полиция басқармасы республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үздіксіз әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында "ҚазАвтоЖол" және "Каж-Сервис" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерімен бірлесіп, арнайы техниканың қысқы маусымға әзірлігін тексерді. Қыс мезгілінде жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету – негізгі міндеттердің бірі. Осыған орай, мердігер ұйымдар қысқы кезеңге дайындықты алдын ала бастап кетті. Қазіргі уақытта олардың қарамағында 57 бірлік арнайы техника бар. Бұдан бөлек, қажеттілік туындаған жағдайда пайдалануға арналған 12 бірлік техниканы жалға алу жөнінде келісімшарттар жасалған.