
Азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру және қоғамдық тәртіпті нығайту мақсатында қолға алынған «Қоғамдық көмекшілер» жобасы аймақта табысты іске асырылып келеді.
Жоба аясында жыл басынан бері 67 қоғамдық көмекші тартылып, олардың кәсіби дайындығын арттыру мақсатында 8 оқыту семинары ұйымдастырылған. Сонымен қатар, 54 рейдтік іс-шара өткізіліп, қоғамдық орындарда 72 кездесу өткізілді. Бұл кездесулерде 2 150 азаматқа құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Қоғамдық көмекшілер полиция қызметкерлерімен бірге рейдтер мен профилактикалық іс-шараларға қатысып, тәртіп сақшыларына елеулі көмек көрсетуде. Нәтижесінде олардың қатысуымен 271 құқық бұзушылық фактісі анықталды.
Жоба алдағы уақытта да жалғасын тауып, құқық бұзушылықтың алдын алу және қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады.