Республика күні қарсаңында Ұлытау облысының полиция департаментінде салтанатты іс-шара өтті.
Мерекелік жиын барысында қызметіне адалдық танытып, қоғамдық тәртіп пен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде үздік нәтиже көрсеткен 100 ге жуық полиция қызметкерлері марапатталды. Сондай-ақ ішкі істер органдарының ардагерлеріне ерекше құрмет көрсетілді. Департамент бастығы Қайыркен Әлиев жеке құрамды Республика күнімен құттықтап, ел тыныштығы мен қауіпсіздігін сақтау жолындағы еңбектің маңыздылығын атап өтті.
Іс-шара соңында мерекелік концерт ұйымдастырылып, қызметкерлерге көтеріңкі көңіл-күй сыйланды.