Ұлытау облысында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында экскурсия өтті

Ұлытау облысында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы аясында экскурсия өтті

Ұлытау облысында әйелдердің құқықтарын қорғауға, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алуға және отбасылық құндылықтарды нығайтуға бағытталған республикалық «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы жалғасуда.

Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімі балалар мен аналар үшін облыс орталығында жаңадан ашылған спорт кешеніне экскурсия ұйымдастырды. Қатысушылар спорт кешенінің мүмкіндіктерімен танысып, түрлі секцияларда өтіп жатқан жаттығу процесін тамашалады.

Іс-шараға Полиция департаменті бастығының орынбасары Асхат Дюсембеков қатысып, спорттың жас ұрпақты тәрбиелеудегі маңыздылығын, салауатты өмір салтын қалыптастыруға және отбасы институтын нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.